Қосалқы Басқару серверлеріне бағдарламаларды орнату

Бағдарламаны қосалқы Басқару серверлеріне орнату үшін:

  1. Өзіңізге қажетті қосалқы Басқару серверлерін басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Орнатылған бағдарламаға сәйкес орнату пакеті таңдалған қосалқы Басқару серверлерінің әрқайсысында екеніне көз жеткізіңіз. Егер орнату пакеті қандай да бір қосалқы Серверлерде болмаса, оны орнату пакетін тарату тапсырмасы арқылы таратыңыз.
  3. Келесі тәсілдердің бірімен бағдарламаны қосалқы Басқару серверлеріне орнату тапсырмасын құруды бастаңыз:

    Нәтижесінде, қашықтан орнату тапсырмаларын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде, Kaspersky Security Center Басқару сервері түйінінде, Кеңейтілген қалтасында Қосалқы Басқару серверіне бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері жұмысының нәтижесінде таңдалған қосалқы Басқару серверлеріне таңдалған бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы жасалады.

  4. Тапсырманы қолмен іске қосыңыз немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес оның іске қосылуын күтіңіз.

Қашықтан орнату тапсырмасын орындау нәтижесінде таңдалған бағдарлама таңдалған қосалқы Басқару серверлеріне орнатылады.

Басына оралу